Халықтың табысы бір жылда 17% өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

61 просмотров

2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың табысы өткен жылмен салыстырғанда 16,5% көбейіп, 245,5 мың теңгеге жетті.

Қазақстандықтар табысының басым бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен тапты: 180,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21,9% артық. Оның 157,2 мың теңгесі — жалдамалы жұмыс істеуден, 23,2 мың теңгесі — өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.

Әлеуметтік аударымдар бір жылда 3,3% ғана өсіп, 55,1 мың теңгені құрады. Оның 44,8 мың теңгесі зейнетақы, 9,1 мың теңгесі — жәрдемақы, 1 мың теңгесі — шәкіртақы, 239 теңгесі — АӘК және тұрғын үй көмегі болды.

Туыстары мен жақындарының материалдық көмегі, сондай-ақ алимент төлемдері 6,2% өсіп, 5,5 мың теңгені құрады.