2022 жылы, Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметінше, Қазақстан гендерлік теңдік бойынша елдер рейтингінде 146 қатысушы елдің ішінде небәрі 65-орынға тұрақтады. Дегенмен, ҚР үшін бұл ұзақ уақыт бойы төмен сырғығаннан кейінгі қайта өрлеу: 2021 жылы республика 156 қатысушы елдің арасында 80-орынға ғана ие болды.
Еске салайық, гендерлік теңдік мәселесі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірі (ТДМ № 5), және Қазақстан халықаралық деңгейде қабылдаған міндеттемелері аясында осы мақсатқа жетуге ұмтылуы керек.