ҚР-да биыл қазанның соңында ет пен құс етінің бөлшек сауда бағасы бір айда 0,2%, бір жылда 7,4% өсті.
Ай сайынғы динамикада жылқы еті мен шошқа еті 0,1%, сиыр еті 0,2%, қой және құс еті 0,3% қымбаттады. Жылдық динамика бойынша құс еті — 1,4%, жылқы еті — 6,4%, қой еті — 6,9%, сиыр еті — 9,7%, шошқа еті — 9,8% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Шымкент қаласында тіркелді: 1,4%. Үш облыста — Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында баға бұрынғы деңгейде қалды. Ақтөбе облысында ет пен құс еті 0,2%, елордада 0,4% арзандады.
Жылдық динамикада ет пен құс еті бағасының ең көп өсімі Ұлытау облысында (12,9%), ең азы Шымкентте (0,6%) байқалды.
