2023 жылғы шілдеде ҚР-да жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңге болды, бұл былтырғыдан 10,5% көп.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір әдеттегідей Маңғыстау облысы: 62,2 мың теңге — былтырғыдан 13,5% көп. Бұл республикалық көрсеткіштен 25,8% артық.
Екінші орында Астана (56,4 мың теңге), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (52,4 мың теңге). Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден тиісінше 14,1% және 6% көп. Үздік бестікке Алматы мен Павлодар облысы да кірді: тиісінше 51,2 мың және 49,4 мың теңге. Еліміздің 20 өңірінің 4-де ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық деңгейден жоғары.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең төмен өңірлер Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе (45,2 мың теңге) облыстары.