Әлемде қайтыс болу көрсеткіші көбеймек

Фото: https://www.shutterstock.com/

28 просмотров

Пандемия болған 2020 жылы қайтыс болғандар саны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9% өсіп, 63,2 млн адамға жеткен. 2021 жылы әлемде 69,2 млн адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6% көп, оның ішінде 37,5 млн ер және 31,7 млн әйел адам.

Ескерту: 2020 және 2021 жылдары өлім санының мұндай жоғары өсуі көп жылдар ішінде алғаш рет байқалды, ал бұрын бұл көрсеткіш тіпті 2%-ға да жетпеген еді.

Онжылдықтарға бөлетін болсақ, жағдай былайша көрінеді: 2011–2020 жылдары қайтыс болғандар саны 567 млн адамды құрап, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 6,5% өсті; 2001–2010 жылдары — 532,3 млн адам, 3,8% көбейген, 1991–2000 жылдары — 512,7 млн ​​адам, 5,7% көбейген, 1981–1990 жылдары — 485,2 млн адам, 2% көбейген, 1971–1980 жылдары — 475,7 млн адам, бұл керісінше, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 0,9% аз.

Алдағы онжылдықтарда әлемде қайтыс болу көрсеткіші 2021–2030 жылдары 645,1 млн адамға, 2031–2040 жылдары 738,1 млн адамға, 2041–2050 жылдары 862,3 млн адамға, 2051–2060 жылдары 975,8 млн адамға, 2061–2070 жылдары және 2071–2080 жылдары 1,1 млрд адамға, 2081–2090 және 2091–2100 жылдары 1,2 млрд адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Бұл ретте, 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші болжам бойынша 2022 жылы 8,4 болса, 2030 жылы 7,9-ға дейін төмендеп, артынша қайта өспек: 2040 жылы 8,6, 2050 жылы 9,4, 2060 жылы 10,2, 2070 жылы 10,7, 2080 жылы 11,2, 2090 жылы 11,5, 2100 жылы 11,9 болмақ.

Әлемде қайтыс болу көрсеткіші көбеймек