Биыл маусымның қорытындысы бойынша, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызмет бір жылда 16,6% қымбаттады. Соның ішінде демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызмет 16,9%, мәдени-бұқаралық іс-шаралар саласындағы қызмет 13,5% қымбаттады.
Демалыс және спорттық іс-шаралар секторында балалар аттракционы — 23%, оқушыларға арналған спорт секцияларындағы сабақ — 15,1%, жаттығу залы қызметі (абонемент) — 13%, бассейн қызмет (абонемент) — 16,3% музыкалық білім беру — 8,7% қымбаттады.
Мәдени шаралар саласында кинотеатр қызметі бір жылда 14,1%, театр қызметі 8,4% фотограф қызметі 12% қымбаттады.
Өңірлер бойынша сектордағы ең көп жылдық баға өсімі Жетісу (бір жылда 47,7%), Түркістан (39,7%) және Батыс Қазақстан (36,9%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз жылдық өсімі Астана қаласында (5,6%), сондай-ақ Қостанай (5,7%) және Атырау (7,1%) облыстарында тіркелді.