Биыл маусымның қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау қызметі бір жылда 5%, су бұру қызметі 9,2% қымбаттады.
Сумен жабдықтау қызмет Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ең көп қымбаттады: тиісінше 38,3%, 30% және 24,5%. Алматы облысында баға бұрынғы деңгейде қалды. Екі облыста қызмет арзандады: Алматыда (0,4%) және Қызылорда облысында (3,1%).
Су бұру қызметі Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында айтарлықтай қымбаттады: тиіінше 38,8%, 31,3% және 30%. Алматы облысы мен Алматы қаласында баға өзгерген жоқ. Бұл ретте тарифтер кейбір өңірлерде төмендетілді: Қызылорда (0,3%), Абай (1,9%), Ұлытау (8,1%) және Ақтөбе (9,2%) облыстарында.