Білім беру қызметі 13% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

Білім беруге келетін болсақ, 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, баға бір жылда 13% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі — 10,4%, орта білім — 8,3%, кәсіптік орта білім — 18,7%, жоғары білім — 14,4%, ересектерге арналған білім — 16% қымбаттады.

Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: 26,3%. Одан кейін Қостанай (26,2%) және Ұлытау (25,9%) облыстары.

Ал баға ең аз өскен өңір Жетісу облысы: бар болғаны 1,5%.

Білім беру қызметі 13% қымбаттады