Наурыз айының қорытындысы бойынша, макарон өнімдері бір жылда бірден 35,1% қымбаттады. Қазақстандықтар сүйіп ішетін кеспе бағасы 36,2%, вермишель 35%, рожки 33,2% қымбаттады.
Өңірлер бойынша макарон өнімдері ең көп қымбатаған Маңғыстау (бір жылда бірден 52,1% қымбаттаған), Қызылорда (45,8%) және Павлодар (45,6%) облыстары.
Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында тіркелді, соның өзі 21,7%.
