Қазақстандағы IT мамандарының нақты жалақысы бір жылда 46,5% өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

52 просмотров

Қазақстандағы компьютерлік бағдарламалау саласындағы мамандардың атаулы жалақысы экономикадағы орташа көрсеткіштерден 2,3 есе жоғары. Мәселен, биыл екінші тоқсанда ҚР-да орташа жалақы 365,5 мың теңге болса, IT саласында 853,1 мың теңгеге жеткен. Басқа бірнеше санатта бұдан жоғары жалақы тіркелді. Атап айтқанда, теңізшілер (917,2 мың теңге), ұшқыштар (864,4 мың теңге), сақтандыру агенттері (961,1 мың теңге), басқару мәселелері бойынша консультанттар және бас компания жетекшілері (1 млн теңге) көбірек алды. Ескерту: бұл жерде атаулы, яғни орташа арифметикалық жалақы келтірілген, ол медианалық мәндерден алыс болуы мүмкін.

2023 жылдың басынан бері веб-әзірлеушілердің, бағдарламашылардың, деректер инженерлерінің және басқа да АТ мамандарының табысы жақсы өсті. Биыл екінші тоқсанда атаулы жалақы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,5%, нақты жалақы 46,5% өсті.

Қазақстандағы IT мамандарының нақты жалақысы бір жылда 46,5% өсті