Жұмыртқа бір айда 3%, бір жылда 14% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

6 просмотров

Биыл қыркүйектің соңында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы бір айда 2,9%, бір жылда 13,6% өсті.

Бір айда баға ең көп Шығыс Қазақстан облысында өсті: бірден 7,8%. Одан кейін Ұлытау (6,4%) және Абай (6%) облыстары. Баға ең аз өскен өңірлер Ақтөбе және Түркістан облыстары — әр облыста 0,4%. Бұл ретте Алматы облысында баға 3% төмендеді.

Жылдық динамика бойынша ең үлкен жылдық өсім сол Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 31%. Одан кейін Ұлытау (30,3%) және Солтүстік Қазақстан (29,1%) облыстары. Атырау (1,1%) және Қызылорда (2,1%) облыстарында баға бір жылда төмендеді.

Жұмыртқа бір айда 3%, бір жылда 14% қымбаттады