Биыл қаңтар–сәуір айларында жиһаз өндірісі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. 2023 жылғы қаңтар–сәуірде металл жақтаулары бар орындық және басқа да арнайы отыратын жиһаздар өндірісі 312,1 мың дана болды, бұл 2022 жылғы қаңтар–сәуірмен салыстырғанда 18,1% аз. Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 76,6 мың дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,6% аз.
Сондай-ақ ас үй жиһазы өндірісі айтарлықтай төмендеді: биыл қаңтар–сәуірінде бірден 28,4%, 28,1 мың данаға дейін азайды. Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісі 6,2%, 24,1 мың данаға; жатын бөлмеге арналған басқа да ағаш жиһаздар (төсек пен гардеробтардан басқа) 16,7%, 14,4 мың данаға дейін төмендеді.
Бұл ретте сектордағы баға өсуде: мысалы, биыл мамыр айында жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жыл ішінде 24,6% қымбаттады.