Биыл наурыз айының қорытындысы бойынша, ҚР-да жерлеу қызметтері бір жылда 24,6% қымбаттаған. Салыстыру үшін: өткен жылдың наурызында өсім 9,3%, 2021 жылғы наурызда — 6,1%, 2020 жылғы наурызда — 2,2% болды.
Өңірлер бойынша биыл жерлеу қызметтердің құны Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір жыл ішінде 61,8%. Олардан кейін Қызылорда (59,1%) және Солтүстік Қазақстан (52,7%) облыстары. Ақтөбе мен Жетісу облыстарында жерлеу қызметтері 1,5 есе қымбаттады.
Ең аз қымбаттаған өңірлер Батыс Қазақстан (4,9%), Ұлытау (10%) және Ақмола (10,1%) облыстары. Атырау, Қостанай және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елордада баға өзгеріссіз қалды.