Жеке көліктерге жанармай бағасы бір жылда 3% өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

24 просмотров

2022 жылдың желтоқсан айының соңында жеке көліктерге арналған жанар-жағармайдың құны бір айда 0,3%, бір жылда 2,5% өсті.

Жылдық динамика бойынша Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы бірден 7,7% өсті. Одан кейін Ақтөбе (7,5%) және Қостанай (7,3%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады. Алматы облысында баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Жамбыл, Ұлытау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте секторда бағаның аздап төмендеуі байқалды.

Жанар-жағармай түрлері бойынша бір жылда жанармай 0,3% арзандады, соның ішінде АИ-92 маркалы жанармай 0,7% арзандаса, АИ-98 және АИ-95/АИ-96 жанармайлары тиісінше 0,7% және 1,8%. Дизельдік отын бағасы бір жылда бірден 14,2% өсті.

2022 жылдың желтоқсан айында бөлшек саудадағы АИ-92 жанармайдың литрі 179 теңге, АИ-95/АИ-96 маркасы 212 теңге, АИ-98 маркасы 234 теңге болды. Жазғы дизель отынының бір литрі республика бойынша орта есеппен 238 теңге, қыста 586 теңге тұрады.