Зергерлік бұйымдар импорты соңғы жылдары рекордтық деңгейге жетті

Фото: https://www.shutterstock.com/

Пандемия мен дағдарысқа қарамастан, жыл сайын Қазақстанға қымбат бағалы зергерлік бұйымдар импортталады. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикасы тек құнның ғана емес, сонымен бірге кірістердің физикалық көлемінің де өскенін көрсетеді. Жалпы, 2017–2022 жылдар аралығында зергерлік бұйымдар импорты ақшалай түрде 7,8 есе өсті. Биыл қаңтар–тамызда шетелден импорт құны 2022 жылғы жылдық көрсеткіштен асып, 110,2 млн АҚШ долларын құрады.

Бақыланатын импорт сегментіндегі зергерлік бұйымдардың негізгі жеткізушісі Ресей. 2023 жылдың алғашқы сегіз айында солтүстік көршіден ҚР-ға 54,2 млн АҚШ долларының зергерлік бұйымдарын жеткізген, бұл жалпы импорт көлемінің 49,3%-ы. Экспорттаушылар бестігіне Еуропа елдері де кіреді: Франция (14,3% үлес), Италия (10,6%), Ұлыбритания (8,2%) және Швейцария (5,1%). Түркия Қазақстанға зергерлік бұйымдардың ең ірі жеткізушісі болып саналса да, «ақ» импорттың үлесі төмен: небәрі 0,7%.

Отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің құны жағынан әлдеқайда артта қалды. Соңғы бірнеше жылда қазақстандық зергерлік өнеркәсібінің көрсеткіштері екі есе өскенімен, олар әлі де болса шетелдік жеткізілімдермен салыстыруға келмейді. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2017 жылы қазақстандық зергерлер 685,9 млн теңгенің өнімін шығарса, былтыр екі есе дерлік көп: 1,36 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл тек зергерлік бұйымдардың қымбаттауынан ғана емес, өндірістің күрт көбеюінен. Пандемияядан кейін өндіріс күрт көбейді: 2021 жылы 61,8% ұлғайды.

Зергерлік бұйымдар импорты соңғы жылдары рекордтық деңгейге жетті