2022 жыл ҚР тұрғын үй құрылысы үшін айтарлықтай пессимистік жыл болды. Республикада көп жылдық белсенді өсуден кейін бірінші рет көрсеткіштердің құлдырауы тіркелді және бірден шамамен 10% төмендеді: 12 айда тек 15,4 млн шаршы метр пайдалануға берілді. 2021 жылы көрсеткіш 17,1 млн шаршы метр болған. Бір қызығы, 2022 жылғы көрсеткіштер 2020 жылғы локдаундар мен жаппай тоқырауға ұшыраған «коронадағдарыс» жылының көрсеткіштермен шамалас.
Оның үстіне, тұрғын үйлердің шаршы метрі бойынша халық санына қатысты 2022 жылға арналған көрсеткіштер тек 2021 жылдағыдан (13%-ға жуық) ғана емес, 2020 жылдағыдан (4%) да айтарлықтай төмен. 1000 адамға шаққанда 785,9 ш. м, көрсеткіш өткен жылы 899,2, ал 2020 жылы 817,9 ш. м болған. Елдегі бейби бумды ескерсек, бұл түсінікті, бірақ туу көрсеткішінің жоғары болуы жақсы жаңалық болғанымен, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесінде осындай қиындық тудырады.
Биыл жыл басына қарай ҚР-да тұратын бір адамға тұрғын үймен қамтамасыз ету 23,4 ш. м құрады. Көрсеткіш былтырғымен (23,2 ш. м) салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ. Қалаларда бұл көрсеткіш — 25,8 ш. м, ал ауылдарда — бар болғаны 19,8 ш. м. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес, бұл көрсеткіш 30 ш. м-ден асуы керек.