Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызмет құны биыл мамырда бір айда 2,7%, бір жылда 16% өсті. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын өсім 8,5% болған.
Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында қымбаттады: бір жылда бірден 40%. Одан кейін Жетісу (37,9%), Батыс Қазақстан (37,6%), Алматы (26,9%) және Ақмола (25,5%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Қостанай облысы: 5,4%.
Балалар аттракциондары секторда айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 24,5%. Мерекелік шараларды ұйымдастырушылардың қызметі 23,4% қымбаттады. Кинотеатрлар мен театрлар бағаны тиісінше 12,6% және 5,7% көтерді.