ТМД-да ең арзан бензин Қазақстанда

Фото: https://www.shutterstock.com/

6 просмотров

Биыл 13 қазандағы жағдай бойынша, әлемдегі ең арзан бензин Египетте: литріне 0,32 АҚШ доллары. Одан кейін Алжир (0,32 АҚШ доллары) және Кувейт (0,34 АҚШ доллары).

Қазақстанда бензин литрі 0,46 АҚШ доллары, тиісінше бесінші орында. ТМД елдерінің ішінде ең арзан бензин Қазақстанда. Ресей әлем бойынша бензин арзандығынан жетінші орында: 0,53 АҚШ доллары.

Әзірбайжанда бір литр бензин 0,62 АҚШ доллары, Беларусьте — 0,75 АҚШ доллары, Өзбекстанда — 0,89 АҚШ доллары, Арменияда — 1,2 АҚШ доллары, Украинада* — 1,44 АҚШ доллары.

Ең қымбат бензин Гонконгта (2,88 АҚШ доллары), Финляндияда (2,23 АҚШ доллары) және Грекияда (2,14 АҚШ доллары).

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

ТМД-да ең арзан бензин Қазақстанда