Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада байқалды: 23,2%. Одан кейін Алматы (21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысында (20,8%). Баға ең аз өскен өңірлер Ақмола (12,8%), Қарағанды (13,9%) және Абай (16,2%) облыстары.
2022 жылы ҚР-дағы әрбір орташа үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8% артық.
Өңірлер бойынша Павлодар облысының үй шаруашылықтары ең көп шығындалған: бір шаруашылыққа орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім 13,3%. Солтүстік Қазақстан (77,2 мың теңге, 9,6% көбейген) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың теңге, 24,8% көбейген) облыстары да ең көп темекі шегушілер үштігіне енді.
Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз жұмсаған: бір үй шаруашылығына жылына орта есеппен небәрі 8,8 мың теңге, жыл сайынғы өсім 14,2%.