Биыл бірінші тоқсанда елімізде техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі айтарлықтай өсіп, 80,8 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,8% көп.
Саладағы қызметтер түрлі көздерден көрсетілді: 69,6 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен, 10,6 млрд теңге халықтан, 80,8 млн теңге кәсіпорындардан.
Техникалық біліммен қатар негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер де оң үрдісті көрсетіп отыр. Көрсетілген қызмет көлемі 572,8 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 15,9% өсті. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 540,4 млрд теңге, халық қаражаты есебінен 29,9 млрд теңге, кәсіпорындар есебінен 2,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.