Биыл қаңтар–мамырда Қазақстанда 280,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,5% артық. Оның ішінде тазартылған май өндірісі бір жылда 14,7% төмендеп, 60,8 мың тонна болса, тазартылмаған май өндірісі керісінше 28% көбейіп 220 мың тоннаға жетті.
Өңірлер бойынша ең көп өндіріс Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 26,6 мың тонна тазартылған және 73,7 мың тонна тазартылмаған май өндірілген. Тазартылмаған май өндіруден екінші және үшінші орында Абай облысы мен Алматы қаласы, ал тазартылған май өндірісінен Алматы мен Шымкент қалалары үздіктер қатарында.
Анықтама үшін: толық 2022 жылы тазартылмаған май өндірісі 483,3 мың тоннаны құрады, бір жыл бұрынғыдан 81,8% артық, ал тазартылған май өндірісі 9,6% ұлғайып 180,1 мың тонна болған.
Биылғы бес айының қорытындысы бойынша, тазартылған және тазартылмаған рапс майы (бір жылда 3,1 есе көбейіп, 41,4 мың тоннаға жеткен), соя майы (2,7 есе, 13,2 тоннаға дейін), мақсары майы (2,3 есе, 1,5 мың тоннаға дейін), тазартылмаған күнбағыс (21%, 158,9 мың тоннаға дейін) өндірісі көбейді.
Ал тазартылған күнбағыс майы (27,4% азайып, 47,9 мың тоннаға дейін) және мақта майын (8,5% азайып, 5,1 мың тоннаға дейін) өндірісі айтарлықтай төмендеді.