Сүт өнімдері қай өңірлерде қатты қымбаттады?

Фото: https://www.shutterstock.com/

35 просмотров

Биыл қаңтарда ҚР-да сүт өнімдері бір айда 0,5%, бір жылда 10,4% қымбаттады. Оның ішінде ішетін сүт бір жылда 14,4%, консервіленген сүт 13,9%, ашытылған сүт өнімдері 9,9% қымбаттады. Соңғыларының ішінде йогурт — 6%, майлылығы 2,5% айран 11,9%, қаймақ — 9,7%, майлылығы 5%–9% сүзбе — 9,2%, қатты ірімшік 4,8% қымбаттады.

Өңірлер бойынша сектордағы бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында байқалды: 18,1%. Одан кейін Батыс Қазақстан (17,8%) және Маңғыстау (15,4%) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Шымкентте тіркелді: 2,5%.

Сүт өнімдері қай өңірлерде қатты қымбаттады?