ШҚО-да марал өсірушілеріне берілетін мемлекеттік субсидия көлемі үш есе қысқарды

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанда өнеркәсіптік марал өсіру қиын кезеңдерді бастан кешіруде. Экспорттық нарықтардағы бұғы мүйізінің бағасы әлі төмен. Мүйіз сатудан түскен табыстың жартысы бұғы өсіруге кететін шығынды жабады. Соңғы төрт жылда мемлекеттік қолдау деңгейі айтарлықтай төмендеді, өйткені субсидия төлеу облыстық деңгейге көшті. Соның нәтижесінде шетелдік көрмелерде Қазақстанның ұлттық бренді ретінде орын алған сала туристердің арқасында ғана аман қалуда.

Саланың дағдарысқа ұшырағанын марал өсірушілер сонау 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер бөлінген субсидияны бірден төрт рет қысқартқанда – бір аналық басына 41 мыңнан 10 мың теңгеге дейін қысқартқан кезде БАҚ арқылы айта бастады. 2020 жылға дейін бұл сала Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидияланып, пандемияның бірінші жылында мемлекеттік қолдау мәселелері өңірлік деңгейге көшті.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтындағы ресми деректер облыс шенеуніктерінің бұл ұлттық брендті қолдауға қалай қарағанын бағалауға мүмкіндік береді. 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен субсидия бұрынғыдай минималды – 10 мың теңге бөлінді, бөлінген субсидияның жалпы көлемі 9 млн теңге. 2021 жылы марал шаруашылығы көмекті қажет ететін салалардың тізіміне мүлдем кірмеді. Өткен жылы субсидия көлемі 30 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 2023 жылға мемлекеттік субсидия көлемін үш есеге, яғни 9,5 млн теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Соңғы үш жылдағы барлық экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыс билігі инфляция мен ұлттық валюта бағамының өзгеруін ескере отырып, қолдау көлемі өзгермеуі керек деп шешті. Сондықтан 2023 жылы тариф өзгеріссіз қалды – бір аналыққа 10 мың теңге. Бұл ретте ақша тек селекциялық-асылдандыру жұмыстарына жұмсалуы керек. Бұрын бұғы бағушыларын бағып-қағуға көмектескен (қоршау салуға, мал сатып алуға, т.б.) басқа қолдаулардың бәрі келмеске кетті.

Марал шаруашылығының даму бағытына қарағанда, шаруалар мемлекеттен көмек күтпейді. Соңғы бірнеше жылда кәсіпкерлер ішкі нарыққа қайта бағдарлануды белсенді түрде бастады. Марал өсірушілерге емделуге келетін, жаңа пантогематоген ішіп, марал қанына шоиылатын туристерге сүйенеді. Марал өсірушілер туристерді қабылдауды ғана емес, сонымен қатар оларға косметологиядан бастап мүйізді микрокластерге дейін көптеген медициналық қызметтер көрсетуді үйренеді. Ауруханалардың веб-сайттарындағы деректерге қарағанда, ерте маусымда (мүйізді кесу кезінде) 2022 жылы ең ірі марал фермаларында тұру және емдеу құны бір адамға күніне 34-46 мың теңге аралығында болады.

ШҚО-да марал өсірушілеріне берілетін мемлекеттік субсидия көлемі үш есе қысқарды