Шоколад өндірісі де, бағасы да өсіп барады: бір жылда 11% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

Биыл қыркүйек соңында шоколад бағасы бір айда небәрі 0,4% өскен. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қыркүйегінде айлық өсім 2,5% болды. Шоколад бағасының жылдық өсімі 10,8%-ды құраса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 21,5%-ға жеткен.

Жалпы, кондитерлік өнімдер бір жылда 13,7% қымбаттады. Бір жыл бұрын өсім 25,6%-ға жеткен.

Кондитерлік өнімдердің карамель айтарлықтай қымбаттады: 21,1%. Екінші орында мармелад: 18,2% қымбаттаған. Шоколадпен қапталмаған кәмпиттер — 16,8%, сағыз — 16,5%, халва — 14,9%, шоколадпен қапталған кәмпиттер — 11,5%, зефир — 11,4% қымбаттады.

Шоколад пен қанттан шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісіне келер болсақ, 2023 жылғы қаңтар–тамызда ол 68,8 мың тоннаға жетті, бұл 2022 жылғы қаңтар–тамызбен салыстырғанда 18,2% көп.

Шоколад өндірісі де, бағасы да өсіп барады: бір жылда 11% қымбаттады