Биыл қаңтардың соңында шоколад бағасы бір айда 0,6% өсті. Салыстыру үшін: желтоқсанда шоколад 0,8%, ал 2023 жылдың қаңтарында 0,9% қымбаттады.
Бір жылда баға 9% қымбаттады, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда айтарлықтай төмен, сол кезде сектордағы баға бір жылда 24,5% өсті.
Шоколад бағасының жылдық өсімі ҚР-ның 20 өңірінің 19-да байқалды. Бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді: тиісінше 22% және 20,3%. Бағаның айтарлықтай өсімі Астана мен Маңғыстау облысында да байқалды: тиісінше 15,2% және 15%.
Шоколад ең аз Шығыс Қазақстан (2,4%) және Павлодар (5,9%) облыстарында қымбаттады. Ал Түркістан облысында тіпті бағаның төмендеуі байқалды, бірақ 0,2% ғана.