АӨК саласындағы бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы ҚР-дағы барлық салалар арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда 189,1 мың теңгені құрады. Салыстыру үшін: жалпы ҚР бойынша осы кезеңдегі орташа жалақы 308 мың теңгеге жетті.
АӨК-пен қатар еліміздегі ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс (186,5 мың теңге) және сумен жабдықтау сегменті, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату саласының қызметкерлері алады (187,3 мың теңге).
Бұл ретте ауыл шаруашылығы секторындағы жалақының сатып алу қабілеті 9,7%, ҚР бойынша орташа көрсеткіш 7,7% өсті.