Ресейден тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 40% көбейді

Фото: https://www.shutterstock.com/

Былтыр қаңтар–қыркүйекте РФ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) жалпы ағыны 1,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 40,1% артық.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде жалпы ТШИ ағыны 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, бір жылда 6,4% азайған.

Қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлік субъектілері жалпы құны 26,5 млрд АҚШ доллары болатын 135 жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ақпараттық ресурсы. Сонымен қатар, экономиканың негізгі салаларында құны 14 млрд АҚШ доллары болатын 67 бірлескен жоба әзірленуде. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, үкімет басшылары мемлекетаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша бірлескен жұмыстың жоғары қарқынын сақтау ниетін растады.

Ресейден тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 40% көбейді