ҚР 11 әуе компаниясының әуе паркі туралы ақпаратты қамтитын Airfleets.net сайтының мәліметінше, бұл мақала жазылған кезде ұшақтардың орташа жасы 11,2 жыл болды, барлығы 99 әуе кемесі туралы ақпарат берілген.
ҚР әуе компанияларының ішінде Air Astana ұшақтары ең жаңа: компанияның әуе кемелерінің орташа жасы 4,8 жыл, сонымен қатар компанияда 29 әуе кемесі бар. Артынша Qazaq Air және FlyArystan: тиісінше 6,7 және 6,8 жыл. Бұл ретте Qazaq Air-де 5, FlyArystan-да 17 ұшақ бар.
SCAT әуе компаниясында ұшақ саны айтарлықтай: 27, ал олардың орташа жасы 15,5 жыл.
Жалпы, ҚР-дағы 5 әуе компаниясының белсенді әуе паркінің орташа жасы 10 жылдан аз болса, тиісінше 6 әуе компаниясында 10 жылдан көп, оның 3 компанияның әуе кемелерінің орташа жасы 26 жылдан асқан.
Қазақстандық әуе компаниялары Airbus A320 ұшағын таңдайды: ҚР-да осы маркадағы 25 ұшақ бар, олардың орташа жасы 6,6 жыл. Одан кейін Airbus A321 (орташа жасы 4,6 жыл, 17 ұшақ), сондай-ақ Boeing 737NG / MAX (орташа жасы 8,6 жыл, 16 ұшақ).
Қазақстандық әуе паркіндегі ең жаңа ұшақтар Embraer 190/195. Олардың орташа жасы 4,4 жыл, ал тізімдегі әуе компанияларында барлығы 5 осындай ұшақ бар.
Қазақстандағы ең ескі ұшақтар — Boeing 757 (орташа жасы 33 жыл, 3 ұшақ) және Fokker 70/100 (орташа жасы 31,8 жыл, 4 ұшақ).