Биыл тамыз айының соңында орта білім беру қызметінің бағасы бір жылда 7,2% өсті.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Атырау облысында байқалды: 22%. Одан кейін Шығыс Қазақстан (19,6%) және Жамбыл (18,2%) облыстары. Саладағы ең аз жылдық баға өсімі Павлодар облысында тіркелді: 0,8%.
Еліміздің 20 өңірінің 6-да баға былтырғы тамыздағы деңгейінде қалды. Атап айтқанда, ол өңірлер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ұлытау облыстары.