Биыл қаңтар–шілдеде мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 69,5 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан бірден 43,2% артық. Көрсеткіштің нақты өсімі 36,6%.
Өңірлер бойынша секторға салынған инвестицияның ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 18,3 млрд теңге, құндық мәндегі жылдық өсім — 2,7 есе.
Үздік үштікке Түркістан (9,7 млрд теңге, 31% азайған) және Маңғыстау (6,3 млрд теңге, бір жыл бұрын 89 млн теңге болған) облыстары да кірді. Салаға салынған күрделі салымдардың ең аз көлемі Ұлытау өңіріне тиесілі: небәрі 36,3 млн теңге.
Көрсеткіштің ең елеулі жылдық өсімі Маңғыстау облысында байқалды, ең көп төмендеу елордада болды: 55,6%, 5,3 млрд теңгеге дейін.