Қытайдың автокөлік өнеркәсібіндегі рөлі барған сайын маңызды бола түсуде. Мәселен, биыл қаңтар-ақпан айларында әлемдік көлік сатылымының жартысы Азия мен Тынық мұхиты аймағына тиесілі болса, Қытайдың өзі 29%-ды иеленді. Салыстыру үшін: АҚШ-тың үлесі 18%, ал Батыс Еуропаның барлық елдері небәрі 15%-ды құрады.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайда 3,6 млн жаңа көлік сатылды. Алғашқы екі орынды Қытайдың өз брендтері — BYD және Changan иеленді: сәйкесінше 328,1 мың және 283,8 мың автокөлік. Үшінші және төртінші орында немістің Volkswagen және жапондық Toyota: сәйкесінше 268,9 мың және 235,4 мың автокөлік. Биыл қаңтар-ақпан айларында 160,6 мың автокөлік сатқан Geely бесінші орында. Сондай-ақ қазақстандықтарға таныс Chery (6-орын, 143 мың көлік) мен Haval (13-орын, 78,4 мың көлік) да үздіктер қатарында.