Биыл шілде айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде күнбағыс майының бір литрі орта есеппен 793 теңгеден сатылып жатыр. Ірі қалалардың ішінде ең жоғары баға Қонаевта (литріне 977 теңге), ең төмені Шымкентте (680 теңге).
Бір жылда баға 4,7% төмендеді. Бағаның төмендеуі еліміздің 20 өңірінің 15-де тіркелді. Ең көп Шымкент, Алматы және Ақтөбе облысында арзандады: тиісінше 15,5%, 13,6% және 10,3%. Ең аз жылдық баға құлдырауы Ұлытау облысында тіркелді: бар болғаны 0,2%.
Баға өскен өңірлерге келетін болсақ, ең қатты Атырау облысында қымбаттады: 9,9%. Одан кейін Астана (4,8%), Қостанай (3,1%), Солтүстік Қазақстан (3%) және Қызылорда (0,1%) облыстары.