2022 жылғы қаңтар–желтоқсандағы жедел мәліметтер бойынша құмар ойын мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алғанда 553,7 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда бірден 7,5 есе көп (ФКИ 680,3%, яғни нақты қызмет көрсету көлемінің нақты жылдық өсімі 6,8 есе).
Өңірлер бойынша айтар болсақ, осы кезеңде құмар ойын мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтерінің жалпы көлемінің 93,2%-ы тек Алматы облысының үлесінде: 516,2 млрд теңге.
Ақмола облысында да көрсеткіш айтарлықтай: 37,5 млрд теңге.
Елеусіз көрсеткіштер Қызылорда (5,8 млн теңге), Қарағанды (2,3 млн теңге), Ұлытау (644,7 мың теңге), Жамбыл (49,5 мың теңге) және Батыс Қазақстан (20,2 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (151,2 мың теңге) тіркелді.