ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдері инвесторлары алдындағы міндеттемелері биыл наурыздың соңында 19,4 млрд АҚШ доллары болды, бұл былтырғыдан 2,5% аз.
Соның ішінде Армения инвесторлары алдындағы міндеттемелер 16,9 млн АҚШ долларын (бір жылда 2,1 есе көбейген), Беларусьтен — 231,5 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Қырғызстаннан — 233,1 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Ресейден — 18,9 млрд АҚШ долларын (3,4% азайған) құрады.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдерінің инвесторлары алдындағы міндеттемелері 19,9 млрд АҚШ долларына жетіп, бір жылда 57% өскен.