ҚР-да тіркелген 3,9 млн автокөліктің 2,8 млн-ы 10 жылдан асқан. Олардың үштен бірі үш өңірге тиесілі Алматы облысы (406,6 мың дана), Алматы (310,6 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (211,8 мың). Бұл ретте өңірлік автопарктегі 10 жылдан асқан автокөліктердің ең көп үлесі Жамбыл (86,7%), Жетісу (85,9%) және Алматы (84,1%) облыстарында.
Бұл ретте елдегі екі өңірде ескі көліктердің үлесі мұншалықты көп емес. Атап айтқанда, олар Атырау облысы және Астана қаласы, мұнда 10 жылдан асқан автокөліктер автопарктің жартысынан азын құрайды: тиісінше 45,5% және 48,1%.
20 жастан асқан әдбен ескі көліктерге келсек, олардың ҚР-да 2 млн-ға жуық (әрбір екінші көлік) бар, ал олардың жартысына жуығы бес облыста: Алматы облысында (317,8 мың дана), Алматыда (177,2 мың), Қарағанды (157, 3 мың) , Шығыс Қазақстан (154,9 мың) және Жамбыл (145 мың) облыстарында.
Бір қызығы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жылдан асқан 103,2 мың көлік әлі тіркеуде тұр. 20 жастан асқан тағы 115,9 мың жеңіл автокөлікте мүлде өңір көрсетілмеген.