Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ҚР азық-түлік нарығы қант (2023 жылғы қаңтар–қарашада сұраныстың 61,1%-ын импорттаушылар қамтамасыз етті), балық, шаянтәрізділер және моллюскалар (сұраныстың 53,2%-ы), ірімшік пен сүзбе (44,8%), шұжық және ұқсас ет өнімдер (40,3%) санаттары бойынша импортқа жоғары тәуелді.
Қазақстандық өндірушілер сары май (80%), макарон және макарон өнімдері (81,1%), өсімдік майы (81,3%), күріш (87,7%), ет, құс және ет жанама өнімдері (87,9%) сияқты санаттар бойынша сұранысты жақсы деңгейде (ішкі нарықтағы сату және экспорт) қанағаттандыра алды.
Нан және нан өнімдері (94%), өңделген сұйық сүт және кілегей (94,9%), ұн (98,2%) сияқты санаттарда меншікті өнімдермен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі байқалады.
Қант (12 пайыздық тармаққа), күріш (8 п. т.), балық және теңіз өнімдері (7,8 п. т.), макарон өнімдері (2,4 п. т.), өсімдік майы (1,2 п. т.), ұн (0,8 п. т.), сүт және кілегей (0,7 п. т.), нан (0,7 п. т.), шұжық (0,7 п. т.), ет және субөнімдер (0,1 п. т.) санаттарында өзін өзі қамтамасыз ету деңгейі (сұранысты қамтамасыз етудегі жергілікті өндірушілердің үлесі) төмендеді. Ал ірімшік пен сүзбе (3,4 п. т.) және сары май (4,1 п. т.) санатында керісінше жергілікті өндірушілердің үлесі өсті.