2023 жылдың қаңтар–қазанында Қазақстанның ішкі сауда көлемі 47 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 20,6% артық. Сауданың үштен екісінен астамы дәстүрлі түрде көтерме саудаға тиесілі: 32,2 трлн теңге — 2022 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 19,8% көп (ФКИ — 111,9%). Бөлшек сауда көлемі 14,8 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 22,6% артық (ФКИ — 106,9%).
2023 жылғы қаңтар–қазандағы көтерме сауда құрылымында 82,5% азық-түлік емес тауарлар болды: 26,6 трлн теңге — 2022 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 24,2% көп (ФКИ — 117,1%). Көтерме саудада азық-түлік тауарлары 5,6 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 2,6% ғана көп (ФКИ — 94,3%).
Бөлшек саудада азық-түлікке жатпайтын тауарлар 67,6% немесе 10 трлн теңге, 29,5% көбейген (ФКИ — 114,7%) құрады. Азық-түлік тауарлары 4,8 трлн теңге, былтырғадан 10,3% көп (ФКИ — 93,8%).