2023 жылдың мамырында ҚР-да 14,7 мың жаңа автокөлік сатылды, бұл 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 77,2% көп. Оның 95%-ға жуығы жеңіл автокөлік.
Мамырдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөліктердің маркалары көш бастап тұр: Hyundai (4,3 мың жеңіл автокөлік), Chevrolet (3,3 мың) және Kia (2,2 мың).
Қытайдағы ең танымал 4 қытайлық көліктің 3-еуі Қазақстанда ресми түрде сатылуда. Сонымен қатар, биыл мамырда Қазақстан нарығындағы сатылым бойынша 4, 5 және 6-орындарды 665, 626 және 517 автокөлікпен Chery, Haval және Changan брендтері иеленді. Анықтама үшін: мамырда Қытайдың ішкі нарығында 55,6 мыңнан астам Haval көлігі сатылды.