2023 жылы қаңтар–қазанда автокөлік және темір жол құрылысына негізгі капиталға салынған инвестиция 274,1 млрд теңгеге жетті, бұл былтьырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 42,5% артық.
Инвестициялардың басым бөлігі жол құрылысына жұмсалды: 226,1 млрд теңге, жылдық өсім 23,4%. Оның ішінде автокөлік жолдары мен автомагистраль құрылысына күрделі салымдар 170,6 млрд теңгені, халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарын салу, реконструкциялау жөндеуді, ақылы қозғалысты және күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі қызметке инвестиция 55,5 млрд теңге болды.
Бір жыл бұрын 9,1 млрд теңге ғана болса, темір жол мен метро құрылысына 48 млрд теңгені инвестицияланды. Жылдық өсім 5,3 есе.
Өңірлер бойынша жол құрылысына инвестиция ең көп көлемі Қарағанды облысында тіркелді: былтыр 5,9 млрд теңге болса, биыл 62 млрд теңге. Өсім — 10,6 есе.
Екінші және үшінші орында Жетісу (58 млрд теңге) мен Батыс Қазақстан (33,7 млрд теңге) облыстары. Салаға ең аз қаражат Ұлытау облысында құйылған: бір жыл бұрынғы 455,2 млн теңге болса, биыл 96,3 млн теңге ғана.