ҚР-да биыл қыркүйек айының соңында жоғары білім саласындағы қызмет бір жылда 13,5% қымбаттады.
Бағаның ең көп өсімі Астана қаласында тіркелді: 26,2%. Одан кейін Шығыс Қазақстан (25,3%) және Павлодар (24,7%) облыстары.
Жоғары білім саласында қызмет көлеміне келер болсақ, көрсеткіш 129,2 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 7,1% көбейді. Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 73,8 млрд теңге, бір жылда 4,3% көбейді. Халық қаражаты есебінен 51,6 млрд теңге (14,9% көбейген), кәсіпорындар есебінен 3,8 млрд теңге (23,6% азайған) қызмет көрсетілді.
Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде жоғары білім саласындағы қызмет көлемі 120,6 млрд теңгені құрап, жылдық өсім небәрі 4,3% болды.