2023 жылдың желтоқсанында Қазақстанда 5,3 млн көлік болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,5% көп. Олардың ішінде 4,6 млн жеңіл автокөлік (19,7% көбейген), 518,9 мың жүк көлігі (16,6% көбейген) және 110,4 мың автобус (22,1% көбейген) болды. 5,3 млн көліктің 4,8 млн-ы жеке тұлғаларға тиесілі (20,5% көбейген), 482,6 мың көлік заңды тұлғаларға тиесілі (10,4% көбейген).
Өңірлер бойынша көлік дәстүрлі түрде Алматыда ең көп: 608,8 мың — бір жыл бұрынғыдан 16,9% артық. Одан кейін Алматы облысы (581,8 мың, бір жылда 8% көбейген) және Астана (378,6 мың, 21,1% көбейген). Ең аз көлік жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында тіркелген: тиісінше 17,1 мың, 40,6 мың және 45,3 мың. Дипломатиялық нөмірлері бар көліктер саны бір жылда 12,5% өсіп, 47 мыңға, өңірі көрсетілмеген автокөліктер саны 34,2% өсіп, 279,6 мыңға жетті.
Қолданылатын отын түріне келетін болсақ, көліктердің басым бөлігі бензинмен жүрді: 4,3 млн көлік — бір жыл бұрынғыдан 18,3% артық. 401,5 мың автокөлік аралас отынмен жүреді, 21,4% көбейген, дизель отынымен — 374,5 мың автокөлік, 12,8% көбейген, электромобиль саны айтарлықтай 13,5 есе өсіп, 7,7 мыңға жетті.
Автокөлік паркін кезең-кезеңімен жаңарту әрекеттеріне қарамастан, ел жолдарында негізінен ескі-құсқы көліктер жүр: 20 жылдан асқан 2,4 млн автокөлік бар (ҚР көлік паркінің 46,5%-ы). 10-нан 20 жылға дейін 1,2 млн автокөлік (23,6%), 7-ден 10 жылға дейін 683,2 мың (13%), 3-тен 7 жылға дейін 561,8 мың (10,7%) автокөліктер бар. 3 жылға дейін небәрі 313,4 мың (6%) көлік бар.