2022 жылдың қорытындысы бойынша, ақпарат және байланыс саласына салынған күрделі салымдар бір жылда 39,1% өсіп, 178,9 млрд теңгеге жетті, бұл тарихтағы рекордтық көрсеткіш. Ұзақ мерзімді динамикада біз инвестиция көлемінің біртіндеп ұлғаюын байқаймыз.
ҚР СЖРА ҰСБ сауалнамасына сәйкес, 2022 жылдың төртінші тоқсанында байланыс секторына инвестицияның негізгі бағыттары:
• ескі жабдықты ауыстыру (15%);
• абоненттер санын арттыру мақсатында өндірістік қуаттарды кеңейту (7%);
• жаңа технологияларды енгізу (7%);
• қолданыстағы қызметтерді ұтымды ету (5%);
• логистиканы ұтымды ету (3%);
• абоненттер саны бірдей жаңа өндіріс орындарын пайдалануға беру (5%).
