2023 жылғы қаңтар–қарашада кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы негізгі капиталға инвестиция 77,6 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай 70,5% көп (ФКИ — 162,2%, нақты өсім 62,2%).
Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бір жылда көрсеткіш 14,7% азайған.
Өңірлер бойынша кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 17,9 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан ақшалай 2 есе көп.
Маңғыстау облысы екінші орында: 17,8 млрд теңге — бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,5 есе көп. Үздік үштікті Астана жапты: 16,1 млрд теңге, жылдық өсім 56,1%. Республика бойынша секторға салынған барлық күрделі салымдардың 66,7%-ы алдыңғы 3 өңірге тиесілі.
Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: небәрі 48,2 млн теңге. Одан бөлек Павлодар мен Жетісу облыстарында да көрсеткіш аз.