Биыл сәуірдің қорытындысы бойынша, ет пен құс етінің бағасы бір жылда 12,1% қымбаттады — бір жыл бұрынғы бағаның өсімі 14,8%-ды құраған.
Бір айда баға 0,7% өсті. Анықтама үшін: 2022 жылдың сәуірінде бір айдағы баға өсімі 2% болған. Биыл ет пен құс еті бағасының айтарлықтай өсімі наурызда байқалды: 1,2%.
ҚР өңірлері арасында 2023 жылдың сәуірінің қорытындысы бойынша, бір жылдағы ең көп қымбатшылық Павлодар облысында байқалды: мұнда құс еті бірден 30,6%, жылқы еті — 17,5% қымбаттады. Астанада да баға айтарлықтай өсті: шошқа еті бір жылда 25%, сиыр еті — 19,5%, жылқы еті — 16,9% қымбаттады, ал қой еті — 0,6% арзандады.
Ақмола облысында да қымбаташылық жоғары: жылқы еті 30%, қой еті 22,2% қымбаттады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қой еті тиісінше 24% және 22,9% қымбаттаса, Батыс Қазақстан облысында құс еті 27,5% қымбаттады.
Құс еті айтарлықтай, бір жылда 15% қымбаттады. Шошқа еті — 12,4%, жылқы еті — 11,9%, сиыр еті — 11,1%, қой еті — 9,3% қымбаттады.