Қазақстанда бесінші жыл қатарынан тауарлық балық өсіру қарқынды көбейіп келеді. 2017 жылдан бастап жасанды жолмен балық өсірушілер жыл сайын жаңа өндіріс рекорд орнатып келеді. Бес жыл бұрын өсірілетін балықтың жылдық көлемі 2,7 мың тонна болса, 2022 жылдың аяғында 7 есе көбейіп, 19,2 мың тонна жетті.
Былтырғы жылды 2021 жылмен салыстыратын болсақ, жылдық динамика да айтарлықтай жақсы: 28,9% көбейген. Соған қарамастан, балық шаруашылығының жалпы көлемі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ) белгілеген межеге жеткен жоқ. Шенеуніктер 2022 жылдың соңына дейін балық өсірушілер сатуға 22,7 мың тонна балық өсіреді деп үміттенген. ЭГТРМ 2020–2024 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына қарай балық өсіруді екі есеге ұлғайтып, 42,3 мың тоннаға жеткізу керек.
Қазақстанда балық өсіру шаруашылығы әзірге балық аулаумен бәсекелесе алмайды. Балық өсірудің шарттары мен балық шаруашылығының түрлі шығындары көп. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр тор, жабық бассейн және тоған фермаларында өсірілген балықтан табиғи су қоймаларынан ауланған балық 2,6 есе көп көп болған. 2022 жылы 50,6 мың тонна балық ауланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,3% көп.
Былтыр балық шаруашылығының екі санаты бойынша өнім көлемі құндық мәнде 19 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын балық өсірушілер мен балықшылар 14,3 млрд теңгенің өнімін берген, биыл өсім 32,8% болды.