Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе тасымалымен айналысатын компаниялардың табысы 204,6 млрд теңге болды, былтыр көрсеткіш 119,6 млрд теңге болды. Құндық мәндегі жылдық өсім 71,1%. Оның ішінде барлық бағыттар бойынша жүк пен багаж тасымалынан түскен табыс 4,2 млрд теңге, жолаушылар тасымалынан түскен табыс 200,4 млрд теңге болды.
Экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 2 млрд теңге болды.