Биыл қаңтар–қыркүйекте көмір өндіру өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 100,8 млрд теңгеге жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% көп (ФКИ — 117,6%). Салаға салынған инвестиция көлемі екінші жыл қатарынан өсіп келеді, бір жыл бұрын өсім 44,3% (ФКИ — 143,6%) болған.
Жалпы, 2022 жылы секторға салынған инвестиция көлемі 130,6 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен астам өсті.
Биыл қаңтар–қыркүйекте көмір өндіру өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 100% қамтамасыз етілді. Былтыр сәйкес кезеңде де 100% дерлік меншікті қаражат болған, тек 80,6 млрд теңгенің 3,3 млн теңгесі ғана резидент еместердің банктік емес қарыз қаражатына тиесілі болған.