Қолданбалы ғылымды дамытуға алдағы үш жылда бюджеттен 489 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады

Фото: https://www.shutterstock.com/

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2023–2025 жылдарға арналған ғылым бюджеті алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 3,3 есе өсті. 2024–2026 жылдар аралығында олар Қазақстандағы ғылыми жобалар мен әзірлемелерге 730 млрд теңге жұмсамақ.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҒЖБМ) әзірге қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру туралы толық ақпарат берді. Жалпы, үш жыл ішінде ғылыми жұмыстың бұл бөлігіне бюджеттен 489,2 млрд теңге бөлінетіні белгілі. Биылғы жылы шығын көлемі 145,3 млрд теңгені құрайды. Оның жартысына жуығы немесе 65 млрд теңгесі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, 56,2 млрд теңгесі (38,7%) — ғылыми гранттарға, ең аз үлесі, 24,1 млрд теңгесі (16,6%) — коммерцияландыруды қаржыландыруға бағытталады.

Алдағы үш жылдың жоспарында әзірге тек үкімет ақшасы бар. Елімізде коммерцияландыру жобаларын жекемен бірлесіп қаржыландыру үлесі әлі де аз. 2022 жылы бұл көрсеткіш 25% болса, былтыр жоспар бойынша 30%-ға жетуі тиіс еді. 2023 жылға арналған нәтижелер жарияланбағандықтан, көрсеткішке қол жеткізудің түпкілікті нәтижесі әлі белгісіз.

Биылдың өзінде Қазақстанда жеке құрылымдардан қаржыландыру күрт өсуі мүмкін. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы дайындық кезеңі аяқталып, жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік шығынының 1%-ын ҒЗТКЖ-ға аудару талабы күшіне енеді. Бұл жыл сайын ғылымды қаржыландыруды 25% арттыруға және ғылыми жобаларды коммерцияландыру үлесін 40%-ға (зерттеу жұмыстарының жалпы көлемінен) дейін арттыруға мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің жоспарына сәйкес, алдағы үш жылда коммерцияландыру жобаларын жекемен бірлесіп қаржыландыру үлесі 58%-ға жетуі тиіс.

Қолданбалы ғылымды дамытуға алдағы үш жылда бюджеттен 489 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады