Көкөніс маусымы: бір айда баға 6% төмендеді

Фото: https://www.shutterstock.com/

5 просмотров

Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша, көкөніс бағасы айлық динамикада 6,1% төмендеді, алайда бір жыл ішінде (яғни өткен жылдың тамызымен салыстырғанда) көрсеткіш 12,3% өсті.

Өңірлер бойынша айлық динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында ғана байқалды: 0,8%. Ең көп арзандау Қарағанды облысында (14,4%), ең азы Қызылорда облысында (1,5%) тіркелді.

Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған тағы да Ұлытау облысы (32,7%), ең аз қымбаттаған өңір Қарағанды облысы (1,2%). Сонымен қатар, екі өңірде — Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда тиісінше 8,1% және 2,5% арзандады.

Өнім санаттары бойынша тамыз айының аяғында ақ қырыққабаттың бағасы айтарлықтай өсті: бір айда 14,3% және бір жылда 67,2%, республика бойынша орташа есеппен килосы 169 теңгеге дейін.

Қызылша бір айда 3,7% қымбаттады, бірақ былтырғы тамызбен салыстырғанда 0,9% төмендеп, килосы 257 теңгені құрайды.

Сәбіз бір айда 1,7%, бір жылда 6,5% қымбаттап, килосы 196 теңгеге жетті. Картоптың бағасы бір айда 4%, бір жылда 0,3% төмендеп, килосы 170 теңге болды. Қияр бір айда 4,7% арзандаса, бір жылда 6,8% қымбаттап, килосы 394 теңге болды. Бір айда қызанақ бағасы 12,9% төмендеді, бірақ 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4% өсіп, килосы 475 теңгені құрады. Пияз бір айда 22,5%, бір жылда 10,8% арзандап, килосы 147 теңге болды.

Көкөніс маусымы: бір айда баға 6% төмендеді