Өткен жазғы маусымда туристердің орналасу құнына келетін болсақ, республика бойынша орташа көрсеткіш 12,4%, бір адамға күніне 9,8 мың теңгеден 11 мың теңгеге дейін өсті. Курорттық аймақтарда баға сәл жоғары болды: 12,1 мың теңге (12,2% көбейген). Айта кету керек, әртүрлі деңгейдегі курорттардағы баға диапазоны соншалықты үлкен, көптеген туристік аймақтар үшін бұл орташа көрсеткіш шынайы бағадан алшақ.
Мәселен, Бұқтырма су қоймасының туристік орталықтарында биыл бір адамның орналасуы 4,1 мың теңгені құрады. Бұл ретте Маңғыстау облысында 4,7 есе қымбат: 19,1 мың теңге. Бұл ең жоғары баға. Туристерді орналастыру қымбаттығы бойынша екінші орында Алматы тау кластері, мұнда қонақүйлерге келушілер күніне орта есеппен 16,1 мың теңге төлеуге мәжбүр.
Өткен жаз маусымы әртүрлі туристік орталықтарда, қонақүйлер мен кемпингтерде орындарды жалға алған туристер санының жақсы өскенін көрсетті. Биыл қаңтар–қыркүйекте орналастыру орындарына келушілер саны 6,2 млн адамға жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,2% артық. Ішкі туризмді көбейткен қазақстандық туристер болды. Олардың саны жарты млн-ға көбейді: 2022 жылы 4,9 млн болса, енді 5,4 млн. Қонақүйлер мен отельдерде тұратын туристердің жартысына жуығы — 3 млн-нан сәл астам адам — осы жазғы маусымда курорттық аймақтарда демалады. Елімізде мұндай 19 аймақ бар. Ең көп келетін курорттық аймақ Алматы тау кластері болды, онда 2023 жылдың үш тоқсанында 1,7 млн адам демалды. Танымалдық бойынша екінші орынды барлығын қамтитын жүйесі бар бес жұлдызды қонақүйлер жұмыс істей бастаған Каспий теңізінің жағалауы алды. Өңір тарихында алғаш рет Ақтауда басқа елдерден чартерлік туристік рейстер ашылды. Ресми мәлімет бойынша, облыстағы қонақүйлерге, отеьдерге және туристік орталықтарға 299,3 мың адам келген. Каспий теңізінің жағажайларында қызмет көрсетудің артуы келушілер статистикасын күрт жақсартты: 42,2% көбейген.